10 сәуір 2026 жылы Астана қаласында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Бестемше» өңірлік ұлттық ойын жарысы өтті.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың ой-өрісін дамыту, логикалық ойлау, шапшаңдық пен тапқырлық қабілеттерін арттыру.
Жарысқа Қарағанды, Петропавл, Павлодар, Ұлытау, Ақмола облыстарынан, сондай-ақ Екібастұз, Абай, Теміртау қалаларынан қатысушылар келді.
Жалпы саны 100-ге жуық қатысушы болды.
Ойын балалар, ата-аналар және педагогтер арасында ұйымдастырылып, қатысушылар өз білімдері мен ептіліктерін жоғары деңгейде көрсетті.
Сонымен қатар, Ахметова М., Жолымбетова Н., Таждинова А. авторлығымен «Бестемше – зияткерлік ойыны» әдістемелік құралының тұсаукесері өтті.
Толығырақ...