Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы

"Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында 25 сәуір күні “Келешек бағы” сенбілігі №69 «Еркем-ай» балабақшасының ұжымымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сенбілік барысында балабақша аумағы тазартылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ғимараттың ішкі және сыртқы тазалығына ерекше көңіл бөлініп, экологиялық-тазалық шаралары толық қамтылды.

Осындай игі бастамаларға белсенді қатысқан ұжым мүшелеріне алғыс білдіреміз!

 

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41