Жаңалықтар

Экологиялық-қайырымдылық іс-шарасы

2026 жылдың 20-26 сәуір аралығында өткен «Көктемгі мейірім апталығы» аясында Астана қаласындағы №69 «Еркем-ай» балабақшасында экологиялық-қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында волонтерлік мәдениет пен қоршаған ортаға деген жанашырлықты қалыптастырып, «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатын дәріптеу болды.

Бағдарлама барысында «Таза Қазақстан» акциясымен ағаш отырғызылып, «ҚамқорBOL» және «Мейірімді жүрек» жобалары аясында науқас балалар — Нұрдәулет пен Аяланың еміне қаражат жиналды.

Маңызды жиынға Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен «Аманат» партиясының өкілдері, белгілі ғалымдар Ф.Жумабекова, сондай-ақ қалалық балабақша меңгерушілері қатысты.

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41