Жаңалықтар

“Педагогикалық SABAQTASTYQ” және “Adaptation days” жобалары аясында

“Педагогикалық SABAQTASTYQ” және “Adaptation days” жобалары аясында балабақшалар мен мектептердің бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес №69 «Еркем-ай» балабақшасының мектепалды топ тәрбиеленушілері Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясына экскурсия жасады.

Балалар мектеп өмірімен танысып, сыныптарды көріп, мұғалімдермен жүздесті. Бұл кездесу олардың алдағы оқу кезеңіне деген қызығушылығын арттырып, жаңа ортаға бейімделуіне үлкен әсер етті.

Балабақша мен мектеп арасындағы байланыс – болашақ білім алушылардың сенімді қадам жасауына негіз болады.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41