Тоқат қаласында өткен халықаралық “Еуразия кубогі” жарысында жеңіске жеткен №69 “Еркем-ай” балабақшасының мақтаныштарын ұжым болып, балалармен бірге ерекше ықыласпен, зор қуанышпен қарсы алдық.
Бұл – біз үшін үлкен мәртебе! Балабақшамыздың тәрбиешісі Аманжолова Алтынай тоғызқұмалақтан жоғары шеберлігін көрсетіп, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршініміз Қали Аилин бестемше ойынында жүлделі орын иеленіп, баршамызды қуантты.
Сондай-ақ, Каппасова Дина да жарысқа қатысып, жүлделі орын алып, балабақшамыздың абыройын асқақтатты.
Осындай жарқын жетістіктер – біздің балабақшаның бірлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Балаларымыз үшін бұл – үлкен мотивация, болашаққа деген сенімді арттыратын маңызды сәт.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз көп болсын, әрқашан биіктен көріне беріңіздер! Біз сіздермен мақтанамыз

