Жаңалықтар

Балаларға төтенше жағдайда көмекке қайда жүгіну керектігін білу маңызды. Тәулік бойы жұмыс істейтін және кез келген уақытта көмекке келуге дайын жедел қызмет нөмірлерін есте сақтаңыз!

Бүгін балабақшамызда “Жас із кесушілер” “Құм қалашығы күніне” орай, ойын-сауық өтті.

Мақсаты: балаларға құмның әртүрлі қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік беру. Балалардың шығармашылық ойлауын, қиялын дамыту.

Ойын-сауыққа балабашамыздың 3-6жас аралығындағы барлық балалар ат салысты.

Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда бұрын-соңды болмаған, теңдессіз жаңа үлгідегі мектептер салынуда.

Ұлттық жоба – білім беру жүйесінде тың әрі ауқымды инфрақұрылымдық бастаманы іске асырудың нәтижесі.

Әкелер күні мерекесіне орай ұйымдастырылған "Әкеммен бірге - ұлттық мұраны ұлықтау" атты мерекелік іс - шара, әкелердің белсенді қатысуымен өтті.

Мақсаты: қатысушыларға қазақтың дәстүрлі мәдениеті мен ұлттық ойындары арқылы бай тарихи мұраны таныту және ұрпаққа ұлықтау. Сайыс барысында әкелер мен балалар бірге әрекет етіп, өзара байланыс пен сенімді күшейту арқылы отбасылық ынтымақтастықты нығайту. Ұлттық дәстүр мен отбасы құндылықтарын біріктіру арқылы, баланың өз ұлтын сүйе білетін, мәдениетін сыйлаймын, саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.

2025 жылдың 4 маусым күні №69 “Еркем-ай” балабақшасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балабақша тәрбиеленушілері Отанға деген сүйіспеншіліктерін ән, би және тақпақтар арқылы көрсетті.

Шара барысында балалар Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, олардың маңызын терең түсінді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер түрлі-түсті бормен Отан тақырыбындағы бейнелерді салып, өз шығармашылықтарын көрсетті. Бұл шығармашылық сәт балалардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін дамыта түсті.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41