Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджінің басталғанын хабарлайды
- Қаралды: 46
25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында еліміз бойынша «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі өтеді. Әр күні өңірлерде ұстаздарға арналған салтанатты және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама педагог мәртебесін арттыруға, мұғалім мамандығын насихаттауға және қоғамға ұстаздың ерекше рөлін еске салуға бағытталған.
Ұстаз – тек мамандық қана емес, ол – миссия. Педагогтар жас ұрпақты тәрбиелеп, елдің зияткерлік капиталын қалыптастырады және әрбір балаға өз жолын табуға көмектеседі. Бүгінде еліміздегі 23 мыңға жуық білім беру ұйымдарында 600 мыңнан астам педагог еңбек етуде.


Бүгін біздің балабақша ұстаздарын ата-аналар онлайн бейнеқұттықтау арқылы құттықтады.
20 қыркүйек күні №69 «Еркем-ай» балабақшасында қалалық сенбілік өтті. Бұл күнде балабақша ұжымы ұйымшылдық танытып, бір мақсатта біріккен игі шара өткізді.
Өрт қауіпсіздігі – балабақшадағы басты талаптардың бірі.
Бүгін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды.