“Айбары асқақ – Ата Заң”
Бүгін біз балабақшамызда Қазақстан Республикасының Конституция күнін атап өттік.
Балалар Отан, Ата Заң, Тәуелсіздік туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, би биледі.
Ойындар арқылы олар мемлекеттік рәміздерді танып, баланың құқығы мен міндетін білді.
Кішкентай жүректеріне «Ата Заң – еліміздің тірегі, әділет пен теңдіктің кепілі» деген түсінік берілді.
Біз үшін ең бастысы – балалардың Отанын сүюі, заңды құрметтеуі.
Айбары асқақ – Ата Заң, жасай бер, Қазақстан!

