«Өнер көзі – халықта» атты шара
- Қаралды: 64
Халықтың рухани байлығы – оның өнерінде. Қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық биі, ән-күйі, ою-өрнегі – барлығы ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан асыл мұра.
Бүгінгі ұрпақ — осы бай мұраны танып, қастерлеп, жалғастырушы. Балабақшада өткен «Өнер көзі – халықта» атты шарада балалар ұлттық өнер түрлерімен танысып, қолөнер бұйымдарын жасап, ұмыт қалған өнер ойындарымен танысып ойнап, ұлттық аспаптарды қолдана отырып аспаптар әлемін құрып, би билеп, ән шырқады.
Мұндай тәрбиелік іс-шаралар арқылы бүлдіршіндер халқымыздың өнерін сүйіп, ұлтжандылыққа баулынады.
Өнер – ұлттың айнасы,
Өнер – мәңгілік мұра!


Мақсаты: Балаларға нанның қадірін түсіндіру, еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, нанның дастарханға келу жолын таныстыру арқылы ризашылық сезімін ояту.
Мақсаты: Балалардың табиғатқа, жан-жануарлар мен өсімдіктерге деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие беру, табиғатты аялауға баулу.
Мемлекет басшысы нашақорлықтың алдын алуды, әсіресе білім беру және ақпараттық салаларда күшейтуді, сондай-ақ жастар арасында есірткі мен алкогольді насихаттауға, оның ішінде интернет пен БАҚ-та жағымды етіп көрсетуіне қарсы тұруды тапсырды.
Қазақ халқының ұлы ойшылы, ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл!