Жаңалықтар

 Тақырыбы: 5 саны мен цифры.

Мақсаты: 5 саны мен цифрын таныту. Дұрыс жаза білуге үйрету, санауға дағдыландыру, пішіндерді , түстерді білуге үйрету. Зейінді, есте сақтауды, бақылауды, қорытынды жасауды дамыту.

 “Балақайлар мектебі” Көркем әдебиет. Қазақ халқының салт дәстүрлерімен таныстыру. Салт-дәстүрлердің мәнін түсіндіру. Коммуникативті дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету.

Сөздегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтай білуді қалыптастыру. Қолды жазуға дайындау. Қаламды, қарындашты дұрыс, еркін ұстай отырып, дәптердегі жазылу ретін, бағытын үйрету.

Бүгін біздің балабақшада «Жаз да келді көңілді» тақырыбында көңілді ойын-сауық өтті.

Мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, жаз мезгіліне деген қызығушылықтарын арттыру, таза ауада белсенді демалуға деген ықыластарын қалыптастыру, шығармашылық және қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.

Бүгін балабақшада балалармен бірге қызықты **сумен ойын** өткізілді. Ауа райы жылы әрі жайма-шуақ болғандықтан, тәрбиешілер балаларды аулаға шығарып, су құйғыштар мен түрлі ыдыстарды пайдаланып ойын ұйымдастырды. Балалар суды бір ыдыстан екіншісіне құйып, су шашып, бір-бірімен жарысып ойнады.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41