Абайлыңыз ауарайы ЫСТЫҚ
- Қаралды: 39
№69 «Еркем-ай» балабақшасының ұйымдастыруымен «Ұрпаққа аманат» атты ұстаздар, ата-ана, балабақша балаларының қатысуымен Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Аталған мерекелік іс-шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерді 1 минут еске алумен басталды.
Ересек топтар: “Қарлығаш”, “Ақжол”, “Жұлдыз”, “Балбұлақ”арасындағы тақырыптық іс-әрекеттері.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерге Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу.
№69 “Еркем-ай” балабақшасында “Түлектердің ағаш егуі” экочелленджі ұйымдастырылды.
Ағаш отырғызу іс-шарасының басты мақсаты – мектепалды жастағы балаларға табиғатқа деген сүйіспеншілікті, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, еңбекке баулу және ұжыммен бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру. Сонымен қатар, балалардың жауапкершілік сезімін дамыту, табиғаттағы тіршілік иелеріне жанашырлықпен қарауға үйрету және салауатты өмір салтын насихаттау.