«Білім беру ұйымының жаңа оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында өтті.
Кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз конференциясында сөйлеген сөзі талқыланып, білім беру саласына қатысты негізгі басымдықтарға назар аударылды. Президент өз сөзінде мұғалімнің кәсіби біліктілігін арттыру, заман талабына сай білім беру жүйесін жетілдіру және жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеу – еліміздің басты мақсаты екенін атап өтті.
Осыған орай, «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыруға байланысты жұмыс жоспары қарастырылып, оның негізгі бағыттары белгіленді. Жоспар аясында балалардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу, адалдық пен жауапкершілікке баулу негізгі міндет ретінде айқындалды.
«Еркем-ай» балабақшасының педагогтары жаңа оқу жылында кәсіби құзыреттілікті арттыруға, заманауи әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолдануға және тәрбие мен оқыту сапасын көтеруге бағытталған нақты міндеттерді айқындады. Сонымен қатар, педагогикалық кеңесте жасанды интеллекттің білім беру саласына ықпалы туралы да пікір алмасылды.
Кеңес қорытындысында ұжым алдағы оқу жылындағы жұмыс жоспарын бекітіп, білім беру сапасын арттыруға, бала тұлғасын жан-жақты дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бірқатар ұсыныстарды қабылдады.

