№69 «Еркем-ай» балабақшасының логопед маманы ата-аналарға пайдалы кеңестермен бөлісті.
Тақырып: «Үй жағдайында логопедиялық жаттығулар».
Маман артикуляциялық аппаратты дамытуға, сөйлеуді белсендіруге және дыбыстарды дұрыс қоюға бағытталған логопедиялық (артикуляциялық) жаттығуларды көрсетті. Мұндай кеңестердің пайдасы зор. Үйде жүйелі жұмыс жасау баланың оқуына, сөйлеуінің дамуына және қоршаған ортаға бейімделуіне оң әсер етеді.
Қорыта келгенде, ата-ана мен маманның тығыз байланысы — баланың жан-жақты дамуының басты кілті. Бірлесе әрекет еткенде әр бала өз әлеуетін толық аша алады!

