Жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні!

Ана – өмірдегі ең қымбат, ең мейірімді жан. Әр адамның дүниеге келуіне себепші болып, оны ақ сүтімен асырап, махаббатымен өсіретін – ана. Ана баласы үшін әрқашан алаңдап, оның бақыты мен болашағын ойлайды.

Ана мейірімі шексіз теңіз секілді. Ол баласын ешқашан жамандыққа қимайды, әрқашан дұрыс жолға бағыттап, ақылын айтып отырады. Бала үшін ананың жылы сөзі мен ақ батасы үлкен күш береді.

Сондықтан әр адам өз анасын құрметтеп, қадірлеуі керек. Анаға деген сүйіспеншілік пен алғыс ешқашан азаймауы тиіс. Ана – отбасының жүрегі, үйдің шуағы. Ана бар жерде мейірім, жылу және бақыт бар.

  

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41