"Наурыз" мейрамында балабақшамызда ерекше жылылық пен мейірімге толы сәттер орын алды.
Тәрбиеленушілеріміздің асыл ата-әжелері келіп, Наурыз мерекесімен құттықтап, ақ баталарын берді.
Ақ жаулықты әжелер мен ақ сақалды аталардың жүрекжарды тілектері – біз үшін үлкен қуаныш әрі тәрбие көзі. Бұл – ұрпақтар сабақтастығының, ұлттық құндылықтардың жарқын көрінісі.

