Жаңалықтар

ҚАУІПСІЗДІК — БАЛА ӨМІРІНІҢ БАСТЫ НЕГІЗІ!

Балалардың қауіпсіздік туралы білімін арттыру - біздің басты міндетіміз. Осы мақсатта “Ақ жол” ересек тобында түрлі қызықты әрі пайдалы ойындар мен әрекеттер ұйымдастырылды.

ҰІӘ барысында рөлдік ойындар мен ситуациялық тапсырмалар қолданылды.

Арнайы ойыншықтар мен макеттер арқылы жол қозғалысы ережелері түсіндірілді.

Балалар ойын арқылы қауіпсіздік ережелерін оңай әрі қызықты меңгерді.

Ойын - бала үшін ең тиімді оқу құралы. Осындай әдістер арқылы біз олардың өмірге деген жауапкершілігін қалыптастырамыз.

Тәрбиеші: Башаева Ж.М.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41