№69 Еркем-ай балабақшасында қазақ тілі қауымдастығының ұйымдастыруымен қазақ тілі педагогтерінің ашық ұйымдастырылған іс-әрекеті жоғары деңгейде өтті. Шара барысында ұстаздар өзара тәжірибе алмасып, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Әріптестердің шығармашылық ізденістері мен кәсіби шеберліктері көрініс тауып, қазақ тілін оқытудағы жаңашыл бағыттар таныстырылды. Бұл басқосу педагогтер үшін үлкен тәжірибе алаңы болып, өзара қолдау мен ынтымақтастықты нығайта түсті.

