№69 «Еркем-ай» балабақшасы 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша I дәрежелі «Үздік балабақша»атанып, үздіктер кубогының иегері болды!
Бұл – ұжымымыздың қажырлы еңбегінің, шығармашылық ізденісінің, кәсіби шеберлігінің және балаларға деген шынайы сүйіспеншілігінің нәтижесі.
Осы жоғары жетістікке жету жолында аянбай еңбек еткен барлық педагогтерімізге, қызметкерлерімізге, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарымызға және біздің мақтанышымыз – бүлдіршіндерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз!
Бұл марапат біз үшін үлкен мәртебе ғана емес, алдағы уақытта да сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы жауапкершілігімізді арттыра түсетін маңызды жетістік.
№69 «Еркем-ай» балабақшасы жаңа белестерді бағындыруға дайын!
Баршаңызды ортақ жеңісімізбен құттықтаймыз!

