Жаңалықтар

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні"

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай балабақшамыздың ортаңғы және ересек топ тәрбиеленушілерімен тақырыптық іс-әрекет ұйымдастырылды.

Тақырыптық іс-әрекет барысында балалар мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы білімдерін толықтырып, патриоттық әндер айтып, тақпақтар оқыды. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндеріміз Ту, Елтаңба суреттерін жандандыра отырып бояды.

Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімдерін көрсетті.

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны, елдігіміздің белгісі. Өскелең ұрпақтың бойына елжандылық пен патриоттық қасиеттерді сіңіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Рәміздер күні құтты болсын!

 

           

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41