Жаңалықтар

Құм қалашығы күні

Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, құмның қасиеттерін зерттеу арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру, ұсақ моторикасын, қиялын және бірлесіп әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Бүгін бүлдіршіндеріміз үшін қызықты әрі танымдық күн өтті! Балалар құмнан түрлі құрылыстар жасап, құмға сурет салып, «Құмды аула» іс-шарасына белсенді қатысты. Сонымен қатар құрғақ және сулы құмның ерекшеліктерін зерттеп, тәжірибе жасады.

Осындай ойындар арқылы балалардың қиялы дамып, шығармашылық қабілеттері артып, қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықтары нығая түседі.

      

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41