Жаңалықтар

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жетістіктерін бағалап, марапаттау рәсімі

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025–2026 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жетістіктерін бағалап, марапаттау рәсімін өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – атқарылған жұмыстарды қорытындылау, үздік балабақшаларды ынталандыру және келесі оқу жылына дайындық бағыттарын таныстыру.

Аталған орталық Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау және қолдау бөлімі өткізген интеллектуалдық олимпиадалар, байқау және жарыстардың қорытындысы бойынша рейтинг жасап, үздік білім беру ұйымдарын анықтады.

Мемлекеттік балабақшалар бойынша үздіктер:

І орын: №69 "Еркем-ай"

ІІ орын: №37 "Арман"

ІІІ орын: №32 "Балдәурен", №70 «Құлыншақ», №66 "Толағай", №38 "Шаттық", №86 "Зияткер"

Сертификат: №82 "Айару", №67 "Шұғыла", №83 "Жансая"

Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалар бойынша үздіктер:

І орын: "Алпамыс"

ІІ орын: "Ақ ниет-1", “Академия”

ІІІ дәрежелі : "Kidz n totz Galamat"

Сертификат: "Ақжол", «Карим»

Бұл марапат – педагогтердің тынымсыз еңбегі мен білім беру ұйымдарының кәсіби шеберлігі, шығармашылық ізденісі және нәтижелі жұмысының лайықты бағасы.

Құттықтаймыз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09

 

      

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41