Жаңалықтар

24.04.2026ж. 69 «Еркем-Ай» балабақшасында экологиялық акция өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпаққа табиғатты қорғау құндылықтарын сіңіру, сондай-ақ «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриоттық идеясын дәріптеу және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Балабақша тәрбиеленушілері мен қызметкерлері табиғатты аялаудың маңызын түсініп, айналаны таза ұстауға өз үлестерін қосуда.

Табиғатты бірге қорғайық!

Таза орта – жарқын болашақ кепілі!

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 25 сәуір күні “Келешек бағы” сенбілігі №69 «Еркем-ай» балабақшасының ұжымымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сенбілік барысында балабақша аумағы тазартылып, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ғимараттың ішкі және сыртқы тазалығына ерекше көңіл бөлініп, экологиялық-тазалық шаралары толық қамтылды.

Осындай игі бастамаларға белсенді қатысқан ұжым мүшелеріне алғыс білдіреміз!

2026 жылдың 20-26 сәуір аралығында өткен «Көктемгі мейірім апталығы» аясында Астана қаласындағы №69 «Еркем-ай» балабақшасында экологиялық-қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойында волонтерлік мәдениет пен қоршаған ортаға деген жанашырлықты қалыптастырып, «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидатын дәріптеу болды.

Бағдарлама барысында «Таза Қазақстан» акциясымен ағаш отырғызылып, «ҚамқорBOL» және «Мейірімді жүрек» жобалары аясында науқас балалар — Нұрдәулет пен Аяланың еміне қаражат жиналды.

Тоқат қаласында өткен халықаралық “Еуразия кубогі” жарысында жеңіске жеткен №69 “Еркем-ай” балабақшасының мақтаныштарын ұжым болып, балалармен бірге ерекше ықыласпен, зор қуанышпен қарсы алдық.

Бұл – біз үшін үлкен мәртебе! Балабақшамыздың тәрбиешісі Аманжолова Алтынай тоғызқұмалақтан жоғары шеберлігін көрсетіп, жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, кішкентай бүлдіршініміз Қали Аилин бестемше ойынында жүлделі орын иеленіп, баршамызды қуантты.

Сондай-ақ, Каппасова Дина да жарысқа қатысып, жүлделі орын алып, балабақшамыздың абыройын асқақтатты.

Осындай жарқын жетістіктер – біздің балабақшаның бірлігі мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Балаларымыз үшін бұл – үлкен мотивация, болашаққа деген сенімді арттыратын маңызды сәт.

“Ақжол” ересек тобы 

Кітап – баланың рухани әлемін байытып, қиялын қанаттандыратын ең құнды қазына. Балабақшада ертегілер оқу арқылы балалар жаңа дүниені танып, ойлау қабілетін дамытады, сөздік қоры молаяды.

Кітапхана әлеміне саяхат жасай отырып, олар мейірімділікке, достыққа, адалдыққа үйренеді. Әрбір оқылған кітап – бала жүрегіне себілген ізгілік дәні.

Біздің мақсатымыз – балаларға кітап пен ертегіні сүйдіру, оқу мәдениетін қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Кітаппен дос болған бала – болашақта саналы, білімді тұлға болып өседі.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41