Ортаңғы тобындағы Наурыз мейрамы
- Қаралды: 56
“Құлыншақ” ортаңғы тобы
Наурыз мейрамы керемет көңіл-күймен аталып өтті! Балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп наурыз көженің құрамымен танысты.
Баршаңызға жақсылық пен молшылық тілейміз!
“Құлыншақ” ортаңғы тобы
Наурыз мейрамы керемет көңіл-күймен аталып өтті! Балалар ұлттық киім киіп, ән айтып, би билеп наурыз көженің құрамымен танысты.
Баршаңызға жақсылық пен молшылық тілейміз!
Тақырыбы: “Наурыз - Ұлыстың ұлы күні!”
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық тұрғыда жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
"Ақжол" ересек тобы.
Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
«Бәйшешек» ортаңғы тобы.
Мақсаты: Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі – Наурыз туралы түсінік беру, ана тілін құрметтеуге, ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Тақырыбы: Наурыз-жыл басы
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.