Жаңалықтар

Суйінші! Тамаша жаңалық!

Қасым - Жеңімпаз!

7 жастағы Қасым Ернатұлы Тоғызқұмалақтан 9 жасқа дейінгі балалар арасында блиц турнирінен Астана қаласының чемпионы болды. Осылайша ол Тоғызқұмалақ Спорт шеберінен уміткер атанды.

Қасым маусым айынын аятына карай Қостанай қаласында өтетін Тоғызқұмалақ республикалық чемпионатқа жолдама алды.

Негізі Астана чемпионаты 3 кунге созылып, Тоғызқұмалақтын 3 түрінен жеке-жеке жарыс болды. Қасым ушеуінде де бақ сынады. Классика және рапид түрінен III орын алған.

№69 “Еркем-ай” балабақшасында топтар арасында жас ерекшелігін ескере отырып, 1 маусым балаларды қорғау күніне орай каратэден турнир өтті.

Жарыста жеңген әр бір бала жүлделі орындармен марапатталды. Балабақшада каратэден жарыс өткізу балалардың физикалық және психологиялық дамуына оң әсерін тигізеді. Мұндай жарыстар балаларға тәртіптілік, жауапкершілік, мақсатқа жетуге деген ынта, сондай-ақ өз-өзіне сенімділік қалыптастыруға көмектеседі.

«Алақай, жаз келді!»

Мақсаты: Балалардың жаз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, табиғат құбылыстарын бақылауға баулу, сергек өмір салтына қызығушылығын арттыру, қимыл-қозғалыс белсенділігін дамыту.

Балалардың жаз мезгілінің ерекшеліктері жайлы білімдерін толықтыру;

“Ерке” мектепалды тобы

Тақырыбы: “Балабақшамен қоштасу”

Мақсаты: Балалардың балабақшамен қоштасу сәтін естерінде қалдыру, балабақша ұжымына, кішкентайынан өсірген тәрбиешіге алғыстарын айту, балалардың мектепке қадам басуға дайын екендерін тақпақтар, ойындар, көрініс арқылы көрсете білді.

“Бәйтерек” мектепалды тобы.

Балабақшамен қоштасу- бұл мектепке қадам басу алдындағы басты кезең.

Тақырыбы: “Қош бол балабақшам”

Мақсаты: Балабақшамен қоштасу сәтін балалардың есінде қалдыру,тәрбиешіге, ұжымға алғыс айту, балалардың өскенін бейнетаспа арқылы көрсету, балалар мектепке қадам басуға дайын екендерін көрініс,ойындар,жыр-шумақтары арқылы көрсете білді.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41