Жаңалықтар

16 наурыз – Қазақстанда атап өтілетін Шаңырақ күні. Бұл күн Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды күндердің бірі және ол отбасы құндылықтарын, бірлік пен татулықты дәріптейді. “Шаңырақ” – қазақ мәдениетінде отбасының, ошақтың, тұтастықтың символы саналады.

“Қарлығаш”, “Балбұлақ”, “Ақжол”, Жұлдыз” ересек топтары “Шаңырақ” күнімен өз ата-аналарын және барша Қазақстандықтарды құттықтайды!

“Табиғатқа қамқорлық жасаймыз” акциясы аясында ересек топтар әкелерімен, құстарға арнап ұя жасап, оны ілді және балалар оларға жем мен нан берді.

Балаларға құстар табиғаттың керемет тіршілік иелері екенін, құстарға үнемі қамқорлық жасап, қорғап жүру керек екенін түсіндіру.

"Құлыншақ”, “Бәйшешек,” Қарақат””Ботақан” ортаңғы топтары 

Көрісу күні – қазақ халқының көнеден келе жатқан ұлттық мейрамы. Көрісу – тек бір-бірімен сәлемдесіп, амандық сұрасу ғана емес, ата-бабадан қалған рухани байланыстарды нығайтатын ерекше дәстүр.Бұл күн – тек амандасу рәсімі ғана емес, халықтың бір-бірімен бауырмалдығын арттыратын, жақындық пен татулықты нығайтатын мейрам.

“Жұлдыз”, “Ақжол”, “Балбұлақ” ересек топтары және ата-аналыры арасындағы “Көрісу - амал мерекесін” тойлау!

Қыстан аман шығып, көктемге жеткен халық бір-бірімен көрісіп, қол алысып, құшақтасып, ізгі тілектерін жаудырады. Бұл – тек қазақ халқына ғана тән ерекше дәстүр, нағыз бірліктің, татулықтың, сыйластықтың белгісі! Осы берекелі күн баршамызға жақсылық, ырыс-несібе, мол табыс әкелсін! Әр шаңырақ шаттыққа бөленіп, төрімізден ырыс пен ынтымақ кетпесін!

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41