Жүргізуші мен жолаушылар күні!
- Қаралды: 57
Бүгін №69 “Еркем-ай” балабақшасында ерекше әрі танымдық күн өтті “Жүргізуші мен жолаушылар күні”!
Балалар әртүрлі материалдардан өз қолдарымен автокөлік үлгілерін жасап, оларды қызықты ойындарда қолданды.
Сюжеттік-рөлдік ойындар арқылы автобус, автовокзал, таксопарк әлеміне еніп, жол ережелерін сақтаудың маңызын ұғынды.
Мақсатымыз – балаларды жолда өзін-өзі дұрыс ұстауға үйретіп, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.


Жазғы демалыс кезінде “Балақайлар мектебінің” бүлдіршіндері математикамен дос болды. Олар шеңбер, шаршы, үшбұрыш сияқты пішіндерді танып үйренді. Бірге санап, ойын ойнап, түрлі түсті пішіндермен тапсырмалар орындады. Балалар сабақта белсенді болып, өз білімдерін қуанышпен көрсетті!
«Көңіл эстафета» ойын-жарысы балалар үшін өте қызықты әрі пайдалы өтті. Балалар белсенді қатысып, жақсы көңіл-күйде болды. Ойын барысында олардың ұйымшылдығы, ептілігі мен тез ойлау қабілеті дамыды. Командалық жұмыс арқылы бір-біріне қолдау көрсетіп, достық қарым-қатынасы нығайды. Шара балалардың денсаулығына, көңіл-күйіне және әлеуметтенуіне оң әсерін тигізді.