Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік іс-шара

2025 жылдың 4 маусым күні №69 “Еркем-ай” балабақшасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балабақша тәрбиеленушілері Отанға деген сүйіспеншіліктерін ән, би және тақпақтар арқылы көрсетті.

Шара барысында балалар Қазақстанның Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы мағлұмат алып, олардың маңызын терең түсінді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер түрлі-түсті бормен Отан тақырыбындағы бейнелерді салып, өз шығармашылықтарын көрсетті. Бұл шығармашылық сәт балалардың елге деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін дамыта түсті.

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41