Жаңалықтар

Ата-аналарға арналған консультациялық пункттегі жұмыс. «Баланың мектепке мотивациялық дайындығы». Баланың мектепке баруға деген ішкі дайындығын, қызығушылығын және оң көзқарасын қалыптастыру арқылы мектепке бейімделуін жеңілдету. Бұл жұмыс барысында: ата-аналарға баланың мотивациялық дайындығын анықтау мен дамыту бойынша кеңес беру, баланың тұлғалық, эмоционалдық және әлеуметтік дайындығын бағалау, мотивациялық деңгейді арттыратын психологиялық ойындар мен жаттығулар өткізу және бала мен ата-ана арасындағы мектепке қатысты коммуникацияны жақсарту жолға қойылады.

 Тақырыбы: 5 саны мен цифры.

Мақсаты: 5 саны мен цифрын таныту. Дұрыс жаза білуге үйрету, санауға дағдыландыру, пішіндерді , түстерді білуге үйрету. Зейінді, есте сақтауды, бақылауды, қорытынды жасауды дамыту.

 “Балақайлар мектебі” Көркем әдебиет. Қазақ халқының салт дәстүрлерімен таныстыру. Салт-дәстүрлердің мәнін түсіндіру. Коммуникативті дағдыларды дамыту: әңгімелесушіні тыңдауға, диалог жүргізуге, өз пікірін айтуға үйрету.

Сөздегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды анықтай білуді қалыптастыру. Қолды жазуға дайындау. Қаламды, қарындашты дұрыс, еркін ұстай отырып, дәптердегі жазылу ретін, бағытын үйрету.

Бүгін біздің балабақшада «Жаз да келді көңілді» тақырыбында көңілді ойын-сауық өтті.

Мақсаты: балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, жаз мезгіліне деген қызығушылықтарын арттыру, таза ауада белсенді демалуға деген ықыластарын қалыптастыру, шығармашылық және қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41