№69 «Еркем-ай» балабақшасында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Сарайшық» ауданы ТЖБ №23 өрт сөндіру бөлімі жеке құрамы мектепке дейінгі мекеме қызметкерлері төтенше жағдай кезінде әрекет ету іс-қимылдарын пысықтау мақсатында өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Бұл өрт-тактикалық сабақта мектепке дейінгі ұйым қызметкерлеріне төмендегі маңызды әрекеттер мен дағдылар үйретіледі: Өрт шыққан кездегі алғашқы әрекеттер, өрт туралы дабыл беру, эвакуация тәртібі, өрт сөндіру құралдарын қолдану, қауіпсіздік техникасы, төтенше жағдайда сабыр сақтау т.б. Балабақша қызметкерлерінің төтенше жағдайлар кезіндегі (әсіресе өрт кезінде) өздерін және балаларды қорғау үшін қандай әрекет жасау керектігін нақты үйрету және практикалық машықтарын дамыту.

