Бүгін №69 “Еркем-ай” балабақшасында балалар күніне орай “Шаттыққа толы балалық шақ!” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, белсенділік, шығармашылық пен достыққа баулу.
Таңертең балаларды түрлі кейіпкерлер балабақша алдында керемет көңіл күймен қарсы алды. Одан кейін балаларымызды саяхатқа шақырдық. Саяхатқа баратын мекендер (станциялар):
1. “Билейік, қуанайық!”
2. “Қозғалыс – күн сыйы!”
3. “Ән әлемі”
Қорытынды:
Ән аяқталған соң балаларға тәттілер мен кішігірім ойыншықтар таратылды. Барлығы естелікке суретке түсті.

