Жаңалықтар

“Айгөлек” мектепалды тобы

«Болашаққа жол» - атты мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу ертеңгілігі.

Балалық балдәурен шақпен қоштасу – әрбір бала үшін есте қаларлық ерекше кезең. Осы орайда балабақшамыздың мектепалды даярлық тобы үшін «Болашаққа жол» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігі ұйымдастырылды.

“Еркем-ай” балабақшасының арнайы мамандары Рахимгалиева Сандугаш Амангельдиевна, Бекежанова Динара Турсыновна және Жақыпбекова Гульжан Куанышбековна “Балаларды мектепке даярлау” тақырыбында, ата- аналарға кеңес пунктінде жадынама таратып, оларды толғандыратын сұрақтарға жауап берді. Балалардың мүмкіндіктеріне көбірек сенім білдіру қажет екенін түсіндірді.

Біздің балабақшада “Отбасы құндылықтары” тақырыбында ерекше челлендж жарияланып отыр.

Бұл челлендждің мақсаты – отбасындағы ынтымақ пен бірлікті, ұлттық тәрбие мен мейірімді қарым-қатынасты насихаттау, бала тәрбиесіндегі ата-ананың белсенділігін арттыру.Сонымен қатар ата-аналардың балабақша өміріне белсенді араласуын қамтамасыз етіп, бала тәрбиесінде отбасының маңызды рөлін көрсету.

Бүгін №69 «Еркем-ай» балабақшасында «Бәйтерек», «Ерке», «Айгөлек» мектепалды топтарынды қазақ тілінен «Білімділер әлеміне саяхат» атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.

Аталған ашық ұйымдастырылған іс-әрекетке балалар белсенді қатысып, жыл бойы оқып біліп, зейінге түйгендерін ортаға салып, білім әлемінде өзара жарысқа түсті.

Берілген тапсырмаларды мұқият орындап, өлең оқудан да құр алақан емес екендерін көрсетті.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41