№69 «Еркем-ай» балабақшасында қыркүйектің тоғызы күні «Мектеп жасына дейінгі балаларда ұлттық кодты қалыптастыру жолдары» атты тақырыпта қалалық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара «Отбасы күні» және Тоғызқұмалақ ойыны күні аясында өтіп, «Бестемше» қосымша білім беру бағдарламасының таныстырылымымен жалғасты.
Семинардың мақсаты — мектепке дейінгі жастағы балалар бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету және «Бестемше» қосымша білім беру бағдарламасының тиімділігін тәжірибе арқылы көрсету.
Семинарға Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ қатысып, білім саласының Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы басшының орынбасары Амиргалиев Жангелді Қуандықұлы, әдіскер Боранбаева Майра Сарсенхановна, «Тоғызқұмалақ Зияткерлік Қауымдастығы» РҚБ президенті Мақсат Есенбекұлы Шотаев, Астана Халықаралық университетінің профессоры, доктор Ғалиябану Махметовна Кертаева, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры Жумабекова Фатима Ниязбековна, Астана халықаралық университетінің педагогикалық колледжінен Койбагарова Куан Назаровна, «Білім айнасы», «Астана ақшамы» республикалық газетінің журналистері, 24kz телеарнасының журналисі, сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы өңірлік серіктес балабақшалар меңгерушілері қонақ ретінде қатысты.
Іс-шара барысында ұлттық ойындар, өсімдіктер әлемі (гидропоника), кітапхана секілді дамытушы орталықтар мен «Бестемше» бағдарламасының оқу-әдістемелік кешені таныстырылды. Сондай-ақ тәрбиеленушілердің орындауында ән, би, сахналық қойылымдар қойылды.
Шара аясында халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды. Шараға қатысушылар семинар мазмұны мен тәрбиелік мәніне жоғары баға беріп, ризашылықтарын білдірді.

