Жаңалықтар

“Тілім менің – тірегім” атты тәрбиелік іс-шара

Бүгін 69 “Еркем-ай” балабақшасында қазақ тілі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен “Тілім менің – тірегім” атты тәрбиелік іс-шара өтті!

Мектепалды топтар арасында ана тілі апталығы аясында “Тілім менің – тірегім” атты мәні терең, мазмұны бай іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты:

• Балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін ояту;

• Тіл мәдениетін қалыптастыру;

• Қазақ тілінің құндылығын түсіндіру.

Мектепалды топтардың балалары:

• Тіл туралы тақпақтар айтты;

• Ән айтып, би билеп, өнерлерін паш етті;

Ұлттығымызды ұлықтайтын көрмені тамашалады.

Балалар өздерінің қазақ тіліне деген құрметі мен махаббатын шынайы жеткізе білді. Бұл іс-шара кішкентай тәрбиеленушілердің тілдік қабілетін дамытып, рухани тәрбиесіне оң ықпал етті.

       

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41