Жаңалықтар

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу және өнімдердің сәйкестігі туралы ақпарат

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераждық комиссиялар) мониторингті жүзеге асыруы бойынша ұсынымдар.

Брокераждық комиссия отырысына арналған ақпарат 

Астана қаласы әкімдігінің" № 69 "Еркем-ай" балабақшасы " мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны балаларға ұсынып отырған тағам өнімдері  Қазақстан Республикасында өндірілген және ҚР ДСМ №320 және №302 бұйрықтарына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға толық сай келеді.

"Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар "санитариялық қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығы бойынша тамақ өнімдеріне қажетті сәйкестік сертификаттары бар. Барлық өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі тиісті құжаттармен расталған.

Органолептикалық көрсеткіштері (түс, иіс, дәм, консистенция) талаптарға толық сәйкес келеді. Сыртқы түрі жарамды, бұзылу белгілері жоқ.

Аталған өнімдер тағам дайындауға және тұтынуға жарамды деп танылып, бракераждық комиссия тарапынан оң қорытынды берілді.

 

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41