Жаңалықтар

ЖЕҢІСТІ ЖАҢАЛЫҚТАР!

Түркияның Тоқат қаласында өтіп жатқан “Еуразия кубогі” халықаралық жарысынан қуанышты хабар.

Тоғызқұмалақтың блиц сайысында: Астаналық №69 “Еркем-ай” балабақшасының тәрбиешісі Аманжолова Алтынай — 1 ОРЫН!

Сондай-ақ балабақшамыздың дене тәрбие нұсқаушысы Каппасова Дина бестемше ойынынан 1 орынға иегері атанды.

Тоғызқұмалақтың классик ойыны бойыншы Аманжолова Алтынай Дидарбекқызы 35 минуттық сайысында 3 орынды иеленіп жарыс тұғырынан көрінді.

Алғаш рет ұйымдастырылған этноолимпиадада: Бестемше зияткерлік ойыны бойынша “Еркем-ай” балабақшасының тәрбиеленушісі Қали Айлин — 1 орынға табан тіресе, “мангала” ойынынан тағы да 1 орын алып жеңіс тұғырынан көрінді.

Ұжымымыздың мақтаныштары! Жеңістеріңіз құтты болсын! Әлі де биік белестерді бағындыра беріңіздер.

   

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41