«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында 18 сәуір күні «Әке үлгі – әке өнеге» атты сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – әкелердің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, ұрпаққа өнеге көрсету және қоршаған ортаны таза ұстауға баулу. Сенбілік барысында әкелер мен балалар бірлесе еңбек етіп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Мұндай игі шаралар өскелең ұрпақты еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және табиғатты аялауға тәрбиелейді.

