Жаңалықтар

Балалардың қауіпсіздігі – әрқашан бірінші орында!

Терезе маңында ойнамау, терезеге жақын заттарға шықпау және қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр баланың білуі тиіс маңызды қағидасы.

Терезені қараусыз ашық қалдырмаңыз!

Баланың қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты жауапкершілігі.

Ашық терезе – бір сәттік бейқамдықтың орны толмас қайғыға айналуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан:

Терезеге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатыңыз;

Балаларды терезе жанында қараусыз қалдырмаңыз;

Терезе алдына шығуға мүмкіндік беретін жиһаздарды қоймаңыз.

Бір сәттік ұқыптылық – бір баланың өмірін сақтап қалуы мүмкін.

Мақсаты: Ата-аналардың назарын балалар қауіпсіздігіне аудару, ашық терезенің қауіпті екенін ескерту және әр отбасының қарапайым сақтық шараларын сақтау арқылы балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға үндеу. Бір сәттік ұқыптылықтың өзі қайғылы жағдайдың алдын алып, бір баланың өмірін сақтап қалатынын насихаттау.

Бүгін бүлдіршіндеріміз ерекше көңіл күй сыйлаған қызықты мерекеге қатысты.

Балалар түрлі квест тапсырмаларын орындап, командалық ойындар ойнап, су шашып көңіл көтерді және бассейнде шомылып, жаздың шуақты күнін ерекше әсермен өткізді.

Осындай ойындар балалардың ептілігін, ұйымшылдығын, батылдығын дамытып қана қоймай, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоция сыйлайды. Балалардың шат күлкісі біздің ең үлкен марапатымыз!

№69 «Еркемай» балабақшасында меңгерушіміз Марал Кулькенқызының қатысуымен педагогтар арасында өте маңызды әрі мазмұнды іс-шара өтті.

Ұжым мүшелері балабақша меңгерушісімен бірге «Жаңа Конституция: педагогтің құқықтық мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында таныстырылды.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41