Баланың қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты жауапкершілігі.
Ашық терезе – бір сәттік бейқамдықтың орны толмас қайғыға айналуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан:
Терезеге арнайы қорғаныс құрылғыларын орнатыңыз;
Балаларды терезе жанында қараусыз қалдырмаңыз;
Терезе алдына шығуға мүмкіндік беретін жиһаздарды қоймаңыз.
Балалардың күлкісі ешқашан үзілмесін, әр шаңырақта шаттық пен амандық орнасын!
Қауіпсіз терезе – бақытты балалық шақтың кепілі!

