Жаңалықтар

Құрметті ата-аналар!

№69 «Еркем-ай» балабақшасы жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға шақырады.

Су айдындарының, өзен-көлдердің, бассейндердің маңында балаларды қараусыз қалдырмауыңызды сұраймыз.

«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025–2026 оқу жылында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жетістіктерін бағалап, марапаттау рәсімін өткізді.

Шараның негізгі мақсаты – атқарылған жұмыстарды қорытындылау, үздік балабақшаларды ынталандыру және келесі оқу жылына дайындық бағыттарын таныстыру.

Аталған орталық Мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтау және қолдау бөлімі өткізген интеллектуалдық олимпиадалар, байқау және жарыстардың қорытындысы бойынша рейтинг жасап, үздік білім беру ұйымдарын анықтады.

№69 «Еркем-ай» балабақшасы 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша I дәрежелі «Үздік балабақша»атанып, үздіктер кубогының иегері болды!

Бұл – ұжымымыздың қажырлы еңбегінің, шығармашылық ізденісінің, кәсіби шеберлігінің және балаларға деген шынайы сүйіспеншілігінің нәтижесі.

Осы жоғары жетістікке жету жолында аянбай еңбек еткен барлық педагогтерімізге, қызметкерлерімізге, әрдайым қолдау көрсетіп жүрген ата-аналарымызға және біздің мақтанышымыз – бүлдіршіндерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз!

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай балабақшамыздың ортаңғы және ересек топ тәрбиеленушілерімен тақырыптық іс-әрекет ұйымдастырылды.

Тақырыптық іс-әрекет барысында балалар мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы білімдерін толықтырып, патриоттық әндер айтып, тақпақтар оқыды. Сонымен қатар кішкентай бүлдіршіндеріміз Ту, Елтаңба суреттерін жандандыра отырып бояды.

Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімдерін көрсетті.

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай балабақшамызда ерекше мәні бар ертеңгілік іс-шара өтті.

Балаларымыз көк Туымызды құрметтеп, Елтаңбамызды танып, Әнұранымызды асқақтата орындап, өздерінің Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Бұл мереке – елдігіміздің белгісі болған рәміздерімізді дәріптеп, жас ұрпақтың жүрегіне патриоттық сезім ұялатудың жарқын көрінісі болды.

Бүлдіршіндеріміздің жарқын болашағы үшін, тәуелсіз еліміздің көк байрағы әрқашан биікте желбірей берсін! 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41