Жаңалықтар

Балалармен «Мамандықтар әлеміне саяхат» тақырыбында қызықты танымдық іс-әрекеті өткізілді. Балалар түрлі мамандықтармен танысып, олардың қоғамдағы маңызы туралы әңгімелесті. Дәрігер, мұғалім, өрт сөндіруші, аспаз, құрылысшы, полиция қызметкері сияқты мамандық иелерінің еңбегін құрметтеуді үйренді. Ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы әр бала өз армандаған мамандығы жайлы ой бөлісті.

Әр мамандық – маңызды, әр еңбек – қадірлі. Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі елдің білікті маманы!

 Бүгін “Ақжол” ересек тобының балалары «Бағдаршам және жол жүру ережелері» тақырыбында танымдық іс-әрекеті өткізілді.

Балалар бағдаршамның үш түсінің мағынасын қайталап, жаяу жүргіншілердің жолдан дұрыс өту ережелерімен танысты. Ойындар мен қызықты тапсырмалар арқылы жолда қауіпсіз жүрудің маңызын түсінді.

Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі – бәріміз үшін маңызды! Сондықтан жол жүру ережелерін кішкентай кезінен үйрету – әрқайсымыздың міндетіміз.

Әке – отбасының тірегі, баланың қамқоршысы мен қорғаушысы. Бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Оның мейірімі, ақылы мен өнегесі әр баланың жарқын болашағына жол ашады.

Осы мерекелі күні барша әкелерді Әкелер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке мен мол қуаныш тілейміз. Балаларыңыздың қызығын көріп, әрдайым олардың мақтанышы болып жүре беріңіздер!

Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, құмның қасиеттерін зерттеу арқылы танымдық қызығушылықтарын арттыру, ұсақ моторикасын, қиялын және бірлесіп әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Бүгін бүлдіршіндеріміз үшін қызықты әрі танымдық күн өтті! Балалар құмнан түрлі құрылыстар жасап, құмға сурет салып, «Құмды аула» іс-шарасына белсенді қатысты. Сонымен қатар құрғақ және сулы құмның ерекшеліктерін зерттеп, тәжірибе жасады.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41