Бүгін бүлдіршіндеріміз ерекше көңіл күй сыйлаған қызықты мерекеге қатысты.
Балалар түрлі квест тапсырмаларын орындап, командалық ойындар ойнап, су шашып көңіл көтерді және бассейнде шомылып, жаздың шуақты күнін ерекше әсермен өткізді.
Осындай ойындар балалардың ептілігін, ұйымшылдығын, батылдығын дамытып қана қоймай, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоция сыйлайды. Балалардың шат күлкісі біздің ең үлкен марапатымыз!

