Жаңалықтар

АТА ЗАҢ – ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ

№69 «Еркемай» балабақшасында меңгерушіміз Марал Кулькенқызының қатысуымен педагогтар арасында өте маңызды әрі мазмұнды іс-шара өтті.

Ұжым мүшелері балабақша меңгерушісімен бірге «Жаңа Конституция: педагогтің құқықтық мәдениеті және азаматтық жауапкершілігі» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында таныстырылды.

Дөңгелек үстел барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:

Конституциядағы білім беру, бала құқықтарын қорғау және «Педагог мәртебесі туралы» Заңның негізгі қағидалары.

Мектепке дейінгі ұйымда балаларға құқықтық-патриоттық тәрбие берудің жаңа әдіс-тәсілдері мен тренингтер.

Педагогтердің құқықтық сауаттылығы мен азаматтық жауапкершілігін арттыру бойынша ұсыныстар қабылданды.

Біздің мақсатымыз – Ата Заң талаптарын қастерлей отырып, құқықтық мәдениеті жоғары, саналы және отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу!

           

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41