Жаңалықтар

№69 “Еркем-ай” балабақшасында 1 Маусым – Балаларды қорғау күніне орай ерекше көңілді әрі әсерлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мереке таңертеңнен-ақ көтеріңкі көңіл күймен басталды. Түрлі ертегі кейіпкерлері балаларды балабақша есігінің алдында күлімдеп қарсы алып, тәтті сыйлықтар тарту етті. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы мерекенің сәнін кіргізді.

Іс-шара барысында балабақша ауласында көптен күткен су бұрқағының ашылуы өтті. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, әсем әндер орындап, көңілді билер биледі. Сонымен қатар қызықты ойындарға қатысып, мерекелік көңіл күйді одан әрі жандандырды.

Бүлдіршіндерімізбен бірге өткізген әр сәт жүректе мәңгі сақталады.

Кеше ғана тәй-тәй басып келген балаларымыз, бүгін мектепке қадам басқалы тұр.

«Айгөлек» тобының әр баласы — біздің мақтанышымыз.Олардың күлкісі, тәтті қылықтары, алғашқы жетістіктері әрдайым есімізде қалады.

Қымбатты ата-аналар, сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет!

Ал, балапандарымызға сәттілік тілейміз!

21 мамыр күні «Балбұлақ» мектепалды тобының балабақшамен қоштасу кеші өз деңгейінде ерекше әсерлі, жоғары дәрежеде өтті. Бұл күн – балғын балалық шақтың ең бір тәтті сәттерімен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадам басқан маңызды кезең болды.

Балаларымыз өз білімдері мен шығармашылық қырларын паш етіп, ұстаздарымен бірге тамаша өнер көрсетті. Әрбір бүлдіршіннің жүзіндегі қуаныш пен толқу, жүректеріндегі арман – біз үшін ең үлкен мақтаныш.

Құрметті бүлдіршіндер! Алдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын! Білім жолында биік белестерді бағындырып, армандарыңыз орындала берсін. Әрқашан елін сүйетін, білімді де тәрбиелі азамат болып өсулеріңізге тілектеспіз.

«Бәйтерек» тобының

Бүгін біздің кішкентай түлектеріміз балабақшамен қимай қоштасып, білімге толы жаңа өмірге алғашқы қадамдарын жасады.

Әсем әндер, мың бұралған билер, әсерлі көріністер мен ертегі кейіпкерлері кешімізді ерекше көңіл-күйге бөледі.

Бүлдіршіндеріміз білім патшалығына саяхат жасап, тапқырлықтарын, өнерлерін және достықтарын көрсете білді.

Әр бала — жарқын болашақтың иесі!

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41