Жаңалықтар

Мемлекет басшысы жастар арасында есірткіге қарсы профилактиканы күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы нашақорлықтың алдын алуды, әсіресе білім беру және ақпараттық салаларда күшейтуді, сондай-ақ жастар арасында есірткі мен алкогольді насихаттауға, оның ішінде интернет пен БАҚ-та жағымды етіп көрсетуіне қарсы тұруды тапсырды.

Бүгінгі таңда құқық бұзушылықтардың алдын алуға жастар мен оқу орындарын тартып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы 40 Меморандум жасадық.

Білім беру ұйымдарында, бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде есірткіге қарсы кең ауқымды науқан жүргізілуде.

Мысалы, Абай облысында ЖОО-ның заң факультетінің студенттері (56 адам) нашақорлықтың және басқа да қылмыстардың алдын алу мақсатында Семей қаласының 7-10 сынып оқушыларымен кездесу өткізуді көздейтінжобаны бастады.

Алматыдағы мұндай өзара іс-қимыл «Жастармен» атты жастар жобасына 3,5 мыңнан астам қатысушыны тартуға мүмкіндік берді, онда студенттер полициямен бірге ойын-сауық орындарында рейдтер жүргізеді, саябақтар мен қоғамдық орындарды аралап, шолып шығады.

Шығыс Қазақстан облысында прокурорлар Әкімдіктің қолдауымен бизнес өкілдерімен бірлесіп «STOP есірткі!» бастамасын бастады, жеке қор құрды. Есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған адамдарға сыйақы төленеді.

Жобалар әр өңірде жүзеге асырылуда.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев күмәнді қаржы ағындары құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмас үшін оларды бақылау қажеттілігіне назар аударды.

Осы жұмыс аясында «ақша ізіне түсу»қағидаты бойынша есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың мүлкі мен цифрлық активтерін алып қоюдың жаңа әдістемесі әзірленді.

Арнайы прокурорлар осы әдістемені қолдана отырып, бес өңірде 9 миллиардтан астам теңгені құраған қылмыстық істерді тергеп-тексеруде.

Ақтау мен Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың 9 мүшесі 2,3 миллиард теңгені (1,2 миллиард қолма-қол ақша және 1,1 миллиард банк шоттарында) қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде ұсталып, ірі көлемде есірткі алынды.

Ұлытау облысында құны 6 миллион доллар болатын криптовалютаға тыйым салынды.

Астанада бірнеше есірткі дүкендері жұмыс жасауының жолын кесіп, құны 3,8 миллион доллар (88 әмиян) тұратын криптовалютаны тыйым салушаралары қолға алынды. Шетелде жасырынған ұйымдастырушылар ұсталды.

Шымкентте арнайы прокурорлар АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес басқармасының ірі есірткі дүкені бойынша қызметкерлерінің көмегімен оның шетелдік ағындарын, соның ішінде криптовалютаны жылдам қадағалап, 70 миллиард теңгеге 500 мың транзакциясын анықтады, 2 астыртын зертхананы жойып, 24 қатысушыны қамауға алды.

ҰҚК мен полиция қызметкерлері криптовалютада 12 миллион доллар құрайтын осындай істі тергеп-тексеруде.

Барлық есірткі саудасы интернетте жалған шоттарды, криптовалюталарды және P2P төлемдерін пайдалана отырып жүзеге асырылатынын ескере отырып, есірткі қылмысына қарсы күресте IT-технологиялар қолданылады.

Есірткіге қатысты барлық қылмыстық істер бойынша «дроппер» транзакцияларын бұғаттау алгоритмі жұмыс істейді.

Жыл басынан бері құны 2,3 млрд теңге болатын 85 мыңнан астам картаға тыйым салынды. Жалпы алғанда, арнайы прокурорлардың істерімен бірге есірткі істері бойынша тыйым салынған активтердің сомасы 11,5 миллиард теңгеден асады.

Қ.К. Тоқаев есірткі қылмыстарын анықтау, жолын кесу және жазалау шараларын күшейтуді, сондай-ақ есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейтуді және есірткі зертханалары мен есірткі дүкендерінің қызметін жолын кесуді тапсырды.

Қазіргі уақытта есірткі қылмысымен күрес есірткі бизнесі үшін жазаны күшейту, өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазалау түрінде жүргізілуде.

Интернетте жарнамалаған және сатқан үшін жауапкершілік енгізіліп, прекурсорлардың айналымы мен есірткі зертханаларына арналған құрал-жабдықтар үшін жаза күшейтілді.

«Дроппер болған» үшін қылмыстық бап енгізілді. 

Есірткіге қарсы күресте тиімді шараларды әзірлеу үшін әр жартыжыл сайын өңірлер әкімдерінің, Парламент депутаттарының және басқа да мүдделі тұлғалардың, соның ішінде халықаралық серіктестердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікпен күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырыстары өткізіледі.

Жергілікті атқарушы органдар полициямен бірлесіп профилактикалық жұмыстарды күшейтуге, әсіресе көшелердегі есірткі граффитиін жоюға бағдарланған. Есірткі жарнамасын жою жұмыстарына коммуналдық қызметтер мен еріктілер қатысуда. 35 мыңнан астам есірткі жарнамасы жойылды.

Жұмыс жалғасуда.

Жыл басынан бері 22 есірткі жарнамашысы ұсталып, 133 қылмыстық іс қозғалды.

Таргетинг-орталықтың прекурсорлар айналымын бақылау жөніндегі жұмысының нәтижесінде есірткі зертханалары пайдаланатынөнімдерді заңсыз әкелудің 58 фактісінің жолы кесіліп, 37 заңды тұлға жауаптылыққа тартылды.

Жасанды интеллект арқылы толық цифрландыру біздің елімізде есірткі қылмысына қарсы күрестің тиімділігін арттырады.

 

 

 

       

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41