Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджінің басталғанын хабарлайды

25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында еліміз бойынша «Ұстаз – ұлт шамшырағы» онкүндігі өтеді. Әр күні өңірлерде ұстаздарға арналған салтанатты және тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл бастама педагог мәртебесін арттыруға, мұғалім мамандығын насихаттауға және қоғамға ұстаздың ерекше рөлін еске салуға бағытталған.

Ұстаз – тек мамандық қана емес, ол – миссия. Педагогтар жас ұрпақты тәрбиелеп, елдің зияткерлік капиталын қалыптастырады және әрбір балаға өз жолын табуға көмектеседі. Бүгінде еліміздегі 23 мыңға жуық білім беру ұйымдарында 600 мыңнан астам педагог еңбек етуде.

Осы онкүндік аясында Оқу-ағарту министрлігі «Ұстазыңды құттықта!» челленджін бастайды. Оның мақсаты – ұстаздардың күнделікті сыйлайтын еңбегі, төзімі мен шабыттары үшін шынайы алғыс білдіру.

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41