Жаңалықтар

Ақ жол, жас түлектер!

21 мамыр күні «Балбұлақ» мектепалды тобының балабақшамен қоштасу кеші өз деңгейінде ерекше әсерлі, жоғары дәрежеде өтті. Бұл күн – балғын балалық шақтың ең бір тәтті сәттерімен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадам басқан маңызды кезең болды.

Балаларымыз өз білімдері мен шығармашылық қырларын паш етіп, ұстаздарымен бірге тамаша өнер көрсетті. Әрбір бүлдіршіннің жүзіндегі қуаныш пен толқу, жүректеріндегі арман – біз үшін ең үлкен мақтаныш.

Құрметті бүлдіршіндер! Алдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын! Білім жолында биік белестерді бағындырып, армандарыңыз орындала берсін. Әрқашан елін сүйетін, білімді де тәрбиелі азамат болып өсулеріңізге тілектеспіз.

Қадірлі ата-аналар мен ұстаздар! Сіздердің еңбектеріңіз бен қолдауларыңыздың арқасында осындай жарқын сәттерге куә болып отырмыз. Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!

         

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41