Бүлдіршіндерімізбен бірге өткізген әр сәт жүректе мәңгі сақталады.
Кеше ғана тәй-тәй басып келген балаларымыз, бүгін мектепке қадам басқалы тұр.
«Айгөлек» тобының әр баласы — біздің мақтанышымыз.Олардың күлкісі, тәтті қылықтары, алғашқы жетістіктері әрдайым есімізде қалады.
Қымбатты ата-аналар, сенімдеріңіз бен қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет!
Ал, балапандарымызға сәттілік тілейміз!
Мектеп табалдырығын нық басып, биіктерден көріне беріңдер!
Балабақшамен қоштасу — бұл аяқталу емес, жаңа арманға бастар әдемі қадам…

