Жаңалықтар

1 Маусым – “Балаларды қорғау күніне” арналған мерекелік іс-шара

№69 “Еркем-ай” балабақшасында 1 Маусым – Балаларды қорғау күніне орай ерекше көңілді әрі әсерлі мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мереке таңертеңнен-ақ көтеріңкі көңіл күймен басталды. Түрлі ертегі кейіпкерлері балаларды балабақша есігінің алдында күлімдеп қарсы алып, тәтті сыйлықтар тарту етті. Балалардың шат күлкісі мен қуанышы мерекенің сәнін кіргізді.

Іс-шара барысында балабақша ауласында көптен күткен су бұрқағының ашылуы өтті. Балалар өз өнерлерін ортаға салып, әсем әндер орындап, көңілді билер биледі. Сонымен қатар қызықты ойындарға қатысып, мерекелік көңіл күйді одан әрі жандандырды.

Шара соңында бүлдіршіндер түрлі түсті бормен жерге әсем суреттер салып, өз қиялдарын бейнеледі. Балалардың жарқын жүздері мен бақытты сәттері бұл күннің басты көркі болды.

Балалық шақтың әр күні қуанышқа толы болсын! Барша бүлдіршіндерге бақытты балалық шақ, мықты денсаулық және жарқын болашақ тілейміз! 

        

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41