Кітапқа құштарлық – баланың рухани дамуы мен ұлттық тәрбиесінің бастауы!
Астана қаласындағы №69 «Еркем-ай» балабақшасында тәрбиеленушілердің кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және оқырмандық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
Қазақ тілі мамандарының ұйымдастыруымен өткен «Кітап оқитын ұрпақ» танымдық іс-шарасы бүлдіршіндердің көркем әдебиетке қызығушылығын оятып, сөздік қорын байытуға, тілдік дағдыларын дамытуға және ұлттық дүниетанымын кеңейтуге ықпал етті.
«Кітап оқитын ұлт» республикалық жобасы аясында балабақша педагогтері мен ата-аналар бірлесіп, отбасылық кітап оқу дәстүрін нығайтуға бағытталған мазмұнды жұмыстарды жүзеге асыруда. Балалармен бірге кітап оқу, әдеби шығармаларды талқылау және танымдық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы кітапқа деген сүйіспеншілік ерте жастан қалыптастырылуда.
2026 жылғы 16 қазанда өткен «Кітап оқитын ұлт» тақырыбындағы дөңгелек үстелде педагогтер мен ата-аналар бала тәрбиесіндегі кітаптың рөлі, ұлттық құндылықтардың маңызы және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша пікір алмасты.
Кездесуде балалардың бойына адалдық, жауапкершілік, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерді сіңіруде отбасы мен балабақша ынтымақтастығының маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Аталған бастамалар – кітап оқуды күнделікті дағдыға айналдыруға, ұлттық рухани мұраны құрметтеуге және саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам.
Кітап оқитын бала – ойы ұшқыр, тілі бай, танымы кең тұлға!
Кітап оқитын ұрпақ – білімді ұлттың, жарқын болашақтың кепілі!

