Жаңалықтар

«ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ЗАҢ» – АҚПАРАТТЫҚ САҒАТ

№69 «Еркем-ай» балабақшасында педагогтерге арналған «Педагог және Заң» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптары мен кәсіби міндеттерін түсіндіру, еңбек қызметі барысында заңнамалық нормаларды сақтау мәдениетін қалыптастыру.

Кездесу барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері, бала құқықтарын қорғау, педагогикалық әдеп нормалары және білім беру ұйымындағы заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудың, ал оны сақтау – кәсіби жауапкершіліктің белгісі!

Заңға құрмет – тәртіптің бастауы! 

         

 

МКҚК «№69 «Еркем-ай» балабақшасы»

Астана қ., Кенен Азербаев к., 41